ЖШС «Бақнұржан-2016» балабақшасы 2016 жылы Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты ауыл округі ,Жиделі ауылында С.Сейфуллин №23 ашылды. Балабақша алғашқы кезде 3 топпен, 62 балаға арналған болып жұмысын бастады. Мекеме ашылған сәттен бастап негізгі мақсат – мектепке дейінгі жастағы балаларға сапалы білім мен тәрбие беру, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру болды.
Бастапқы жылдары балабақшада 10 педагог, 9 техникалық қызметкер жұмыс істеді. Қазіргі таңда балабақшада 3- топ жұмыс істейді, онда 61- бала тәрбиеленуде.
Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамытушы орталар жасалған, күнделікті оқу-қызметтері мемлекеттік білім беру стандартына сай жүргізіледі. Тәрбиешілер ұжымы тәжірибелі, жоғары білімді мамандардан құралған, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жыл сайын семинарлар, курстар, әдістемелік отырыстар ұйымдастырылады.
Мекеме «2018-2019»оқу жылдардан бастан инновациялық ,технологиялар, ұлттық тәрбие, денсаулық сақтау технологиялары т.б. бағытында жұмыс жүргізіп, аудандық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысып келеді.
Бүгінгі таңда «2025-2026»оқу жылында балабақшасы – өз тәрбиеленушілеріне жайлы, қауіпсіз, жасыл балабақша аясында және STEM технологиясы ,ұлттық тәрбие дамытушы орта ұсынатын, заманауи талаптарға сай жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым.